ЖОО тексеру науқанға айналып кетті – Рахман Алшанов Білім министріне өкпесін айтты
«Азат алаңда» - ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов
Белгілі қоғам қайраткері Рахман Алшановтың Білім және ғылым министрлігіне айтар біраз базынасы бар екен. Оның ойынша елімізде жоғарғы оқу орындарын тексеру бірнеше Білім министрінің тұсында әдетке айналып кеткен. Сондай-ақ мұның бәрін кезекті науқаншылдық деп есептейді. Себебі, тексеруді желеу еткен шенеуніктер бір университетке 80 рет барған. Сондықтан белгілі ректор жекеменшік оқу ордаларына «қырғидай» тиіп жатқан министрлік мықты болса, неге мемлекеттік университеттерді де жаппайды деп өкпесін айтты.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарын тексеру жұмысының қорытындысын жариялады. Сондай ақ, күні бұрын лицензиясы бір айға тоқтатылған 5 университеттің тізімі шықты.