«Ажырасып кеттік»: Олжас Абайдың экс-жұбайы жұрт күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол қазір балаларымен бірге пәтер жалдап тұратынын айтты

Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Олжас Абайдың экс-жұбайы, әнші Аймира Аман жұрт күтпеген мәлімдеме жасап, отбасындағы өзгерістерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймира Аманның айтуынша, Олжас Абаймен 2018 жылы ажырасып кеткен.

«Кінә бір жақты болмайды. Ешкімді кінәламаймын. Өзімді тап-тазамын, кінәсізбін деп айтпаймын. Пенде болғаннан кейін, отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сол отбасымызды сақтап қала алмадық қой.

Өзімнің жағдайымда ажырасқанымыз дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда Олжас екеуіміздің дәм-тұзымыз жарасқан жоқ», - дейді Аймира Аман.

Ол сөзін жалғай отырып, Олжас Абайдың екі баласымен жиі араласпайтынын, балаларының сол үшін ренжігенін де тілге тиек етті.

Ал қазір басында баспанасы жоқ екенін, пәтер жалдап тұратынын айтты.

«Анаммен бірге тұрамыз. Балаларымыз анам екеуіміздің тәрбиемізде. Қазір өзіміздің жекеменшік үйіміз жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Олжастың тарапынан биыл балаларына пәтер алып беремін деген уәде берілген. Соны күтіп жүрміз», - дейді Олжас Абайдың экс-жұбайы.

Айта кетейік, осыған дейін Олжас Абайдың жұбайы бала тәрбиесімен үйде отырғаны туралы хабарланғанболатын.

Сол сияқты актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев экс-әйелі мен Олжас Абайдың арасындағы байланыс туралы жұрт білмейтін шындықты айтқан.