Қазан айының соңында елімізде осы фильмнің тұсаукесері өтпек
Мадридте КарЛАГ жайлы Netflix түсірген «Бітім» қазақ-испан фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм 1937–1945 жылдар оқиғасын суреттейді. Қазақстанда фильм тұсаукесері 30 қазанда өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көркем фильмнің оқиғасы 1937–1945 жылдары Қазақстанда, КарЛАГ-та өрбиді. Бұл жерде әлемнің түкпір-түкпірінен келген тұтқындар қамалған.
Сюжеттің негізгі желісінде азаматтық соғыста қарсы тарапта қалған екі испандық және адамгершілікті аман сақтауға тырысқан қазақ зиялысы туралы баяндалады.
Фильмнің режиссері «Бумажный дом», «Похищенные», «Вымирание» фильмдерін түсірген Мигель Анхель Вивас.
Басты рөлдерде Мигель Эрран, Арон Пипер, Дина Тасблатова, Сергей Уфимцев, Алтынай Нөгербек және басқа да актерлер. Фильмнің Испаниядағы тұсаукесері жайлы басты рөлді сомдаған актриса Дина Тасболатова мәлімет таратқан.
Осыған дейін редакция қазақ актрисасы тұңғыш рет осы фильмде ана фильмін сомдайтыны жайлы Алтынай Нөгербекпен эксклюзив сұхбат жариялаған еді.
Кино Испанияның Бильбао қаласында 2,5 ай бойы түсірілген.