«Жұлдызы жанбағаны өкінішті-ақ»: қазақстандықтар Қайрат Түнтековтің өнер жолын талқылады
Желідегі жазбаға жұрт жарыса пікір қалдырды

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар әнші Қайрат Түнтековтің өнер жолындағы карьерасын жарыса талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Threads желісінде желі қолданушылары әншінің талантын өзара сөз етті.
«Кейде Қайрат Түнтековтің жұрт күткендей жұлдызы жанбағаны, әлемдік әнші болмағанын ойлаудың өзі өкінішті. 2010 жылдары деңгейі шынымен жоғары еді – харизма, дауыс, атақ, талант. Осындай таланттардың тасада қалып жататыны өкінішті-ақ», – деп жазды желі қолданушысы өз жазбасында.
Оның бұл пікіріне қатысты қазақстандықтар өз ойларын жазып өтті.
«Меніңше, біздің бағаланбай қалған әртісіміз», «Дау-дамайға тап болды. Бұл – соның салдары», «Жетістіктің 90 пайызы – еңбек, 10 пайызы – талант. Өкінішке қарай, атақты көтере алмай қалды», «Қайрат Түнтековтің де, Бауыржан Исаевтың да дауысы керемет еді», «Оған қолдау көрсету керек. Әлі де кеш емес», - деп жазды желі қолданушылары.