«Баланы туасыз ба?»: анасының жүктілігін естіген Қайрат Нұртастың ұлы жылап қалды

Автор: Аягөз Құрмаш

Екі ұлы анасының жүктілігіне реакция білдірді

Фото: видеодан скриншот

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігін білген сәттегі балаларының әсерін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Ол үлкен ұлы Нарұлдың әсерін бөліскен.

«Баланы туасыз ба? Тағы бір бала қиын болады. Оны бағу керек. Сіз шаршайсыз ғой. Біз сізге бәрібір көмектесуіміз керек қой. Қазір мен бағам деп отырсыз. Ертең қиын болады», - деп ол жылап қалды.

Ал Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың үшінші баласы Хан жаңалықты қуана қарсы алды.

«Өте қуаныштымын. Сыртымнан білінбесе де, ішім қуанып тұр»,-  дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін анасының жүктілігіне реакция білдірген Алау деген қыздары «Әкемнен бе?» деп жұртты таңқалдырған еді.

Жұлдыз Әбдікәрімова жақында қызды болды. Ол сәбиінің атын Рәбия Сұлтан деп атаған еді.