$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әкемнен бе?»: Қайрат Нұртастың қызы анасының кімнен жүкті болып қалғанын сұрады (ВИДЕО)

Аяғы ауыр екенін естіген қызы аң-таң болды

«Әкемнен бе?»: Қайрат Нұртастың қызы анасының кімнен жүкті болып қалғанын сұрады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас анасы Жұлдыз Әбдікәрімованың кімнен жүкті болып қалғанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова аяғы ауыр екенін балаларына айтқан сәттің видеосы желіде жарияланып кетті.

«Сіздің аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?» – деп қызының сұрағанын актриса әлеуметтік желіде жарияланды.

Қызының мұндай сұрақтарына қатысты Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі де пікір беріп өтті.

«Айтпаңыз, қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды ғой. Бала тілі бал», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиін босанғаны жарияланған. Сол сияқты Қайрат Нұртас пен жұбайы отбасылық видеомен көпшілікті қуантқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары