Өнер иесі артық салмақтан арылуға көмектескен тек хирургиялық әдіс емес дейді
Актриса әрі үш баланың анасы Динара Қырықбаева жүктіліктен кейін артық салмақтан арылу тәжірибесі туралы айтты. Өнер иесі бұл жолда хирургиялық әдіс қана емес, төзімділік пен тәртіп маңызды рөл атқарғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актрисаның айтуынша, әр босанудан кейін дене пішінін қабылдау оған оңай болмаған.
«Мен үш баланың анасымын, үшеуін де кесір тілігі арқылы дүниеге әкелдім. Әр босанудан кейін салмағым шамамен 100 келіге жетіп қалатын. Ал менің қалыпты салмағым — 65 кг. Бұл өзгерістерді қабылдау оңай болмады. Бірақ ол килограммдар менің ең бақытты кезеңімнің белгісі еді. Өйткені сол сәттерде өмірімдегі ең қымбатты сыйды — балаларымды алдым», – деді ол.
Үшінші босанудан кейін Динара Қырықбаева іш аймағындағы артық салмақтан арылу үшін операция жасатуға шешім қабылдаған. Алайда ол нәтижеге жетудің басты құпиясы — өмір салтын түбегейлі өзгерту екенін атап өтті.
«Қалғанының бәрі – спорт, дұрыс тамақтану, өзін-өзі бақылау және сенімнің арқасы. Қазір айналамнан жылы сөздер естимін, өзгелердің назарын байқаймын. Бірақ мұның артында үлкен еңбек жатыр. Маңыздысы – салмақ емес, өз тәніңде жайлы сезіну. Әрбір әйел оған жете алады. Уақыты ұзақ болуы мүмкін, бірақ ең бастысы – тоқтап қалмау», – дейді актриса.
Динара өз бойы мен қазіргі салмағын да ашық жазды – 168 см, 73 кг. Ол әлеуметтік желіде жазбасын бөліскеннен кейін, желі қолданушылары жылы пікір қалдырды: