«Арманым орындалды»: Айжан Байзақова үшінші сәбиінің жынысын айтты
Ол Instagram парақшасында әсерлі видео жариялады

Белгілі блогер Айжан Байзақова үшінші сәбиін күтіп жүр. Бұл жолы ол қыз бала дүниеге әкелетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Арманым орындалды»: Байзақова қызының туылуын асыға күтуде
Айжан Байзақова Instagram парақшасында 4 қазанда әсерлі видео жариялады. Кадрда ол күйеуі мен екі ұлымен бірге қуанышын бөлісіп, жазба астына былай деп жазды:
«Арманым орындалды. Менің ханшайымым, сені асыға күтеміз».
Бейнежазба астында блогердің жанкүйерлері жылы лебіздерін қалдырды. Көпшілік оны құттықтап, эмоциялық пікірлер жазды:
- «Қыз бала – анасының айнасы, бақытты болыңдар!»,
- «Құтты болсын, енді үйдің гүлі келетін болды!»,
- «Айжан,сенің ана ретінде жаңа кезеңің басталды!» – деп жазды желі қолданушылары.
Үш баланың анасы
Айжан Байзақова – танымал блогер. Ол қазір екі ұлдың анасы. Айта кетсек, жақында ол атышулы Айжан Байзақова күйеуі Нұрбек Арыстан мен енесі Жаннаны подкастқа шақырып, оқырмандарынан келген сұрақтар арқылы сұхбат алды. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі оқырмандары оған енесі мен күйеуі туралы көп сұрақ қоятын көрінеді. Сонымен қатар жуырда ол хиджаб киіп, мешітке барған сәтінен видео жариялады. Белгілі блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстан әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз ойын бөлісті. Сондай-ақ ол күйеуі мен ұлы арасындағы қарым-қатынас туралы айтты.