$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Құдайға жүрегім ашылды»: атышулы блогер Айжан Байзақова хиджаб киіп, мешітке барды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары блогердің жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді

«Құдайға жүрегім ашылды»: атышулы блогер Айжан Байзақова хиджаб киіп, мешітке барды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Атышулы танымал блогер Айжан Байзақова хиджаб киіп, мешітке барған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шынайы махаббат – Алланың разылығына жетелейтін іс. Құдайға сыйынуға жетелейтін адамдарды жақсы көріңіз. Құдайға деген жүрегімді Нұрбек (ред. – күйеуі Нұрбек Арыстан) ашты», - деп жазды Айжан Байзақова.

Ал желі қолданушылары блогердің жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Жөні түзу еркектің қолында кез келген әйел құлпырып кетеді», «Ол қатты өзгеріп, нағыз әйелге айналды», «Сізге орамал сондай жарасады», «Нұрбек себепкер, ал жүрегіңізді Құдайдың өзі ашты», «Алла өзінің жаратқан пендесін қаншалықты жақсы көретінінің белгісі», «Енді Меккеге барыңдар, құлшылық жасаңдар бірге», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстан әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз ойын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары