ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызын хайп іздеді деп айыптады

Бұған дейін, журналист әншінің пластикалық ота жасатқаны туралы ақпарат таратқан 

Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызын хайп іздеді деп айыптады
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Әнші Ерке Есмахан бетіне пластикалық операция жасатқаны туралы әңгіме қозғаған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына өкпелеп қалды. Ол журналисті жалған ақпарат таратып отыр деп айыптап, әлеуметтік желіде жазба салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ләйлә ханым, сіздікі жай ма? Сұхбаттастарыңыздың айтып отырған қорқынышты нәрселерінің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас, сырлас әпкем ретінде өтірікке жол бермеудің орнына өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды», - деп жазды ол.

Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызы оның атып пайдаланып, көрермен жинап отырғанын айтты.

«...өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін», - деді ол.

Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының YouTube-тегі подкастында танымал хирургтер  Мұхтар мен Гүлмира Қобландиндер қонақ болған еді. Жүргізуші студия экранына қазақ эстрадасының жұлдыздары мен танымал медиа тұлғаларының фотоларын шығарып, олардың қай жеріне ота жасатқанын дәрігерлерден сұраған. Соның ішінде Ерке Есмаханның да суреті болды. Мамандар оның жақ тұсына тек Оңтүстік Кореяда жасалатын операцияның жасалғанын айтып берді. Алайда Ләйлә Сұлтанқызы поскаттағы қазақ әншілері туралы айтылған осы тұсын қиып тастаған. Әнші Ерке Есмахан да бұл жазбасын өшіріп тастаған көрінеді. Бірақ, кейбір БАҚ беттерінде оның жазбасы сақталып қалған. 

Серіктес жаңалықтары