26.08.2025, 10:00
AR trend
Қазнет ұзату тойында қуыршаққа айналған қалыңдықтың видеосын қызу талқылап жатыр (ВИДЕО)
Тойдағы ерекше көрініс елді таң қалдырды
Фото: видеодан скриншот
Қазақстанда Адина есімді қалыңдық ұзату тойында қуыршақтың қорабына кіріп алып, ел алдына шыққан. Тойдағы бұл көрініс қонақтарды таң қалдырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорап кәдімгі барби қуыршақтың қорабына ұқсайды. Оның ішіндегі қалыңдықты төрт жігіт итеріп келе жатыр. Тойға келген қонақтар бұл көрініске таң қалып, видеоға түсірген.
Қолданушылардың біразы қалыңдықтың бұл ерекше образына жақсы баға берсе, кейбірі тың көріністі түсінбей, негатив пікір жазған.
Айта кетейік, бұған дейін тойлардың бірінде қайыққа мініп төрге шыққан қалыңдықтың видеосы тарап, желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
