«Тұрсын маған адамша үйленген жоқ»: Баян Алагөзова елдің алдында күйеуін ұялтып жіберді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзова он жыл бұрын неке қидырған

Фото: скриншот

Күні кеше Алма мен Алиса есімді екі қызының тұсауын кескен Тұрсын және Баян Алагөзовтер тойға келген әріптестеріне алғыс айтып, ағынан жарылған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олардың жүрекжарды тілектерін әнші Мадина Сәдуақасова парақшасына жүктеп, келесі жылы Тұрсын мен Баян ұйленеді деп жазған.

Сөз сөйлеген Баян Алагөзова той десе ішкен асын жерге қоятынын айтып, көңілі күнде мереке қалайтынын айтты. Сөз арасында ол келесі жылы некелескендеріне 10 жыл толатынын және сол датаға орай ақ көйлек кигісі келетінін мәлімдеді.

«Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға «тағы да мерекелегім келіп тұр» деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді», - дейді Баян Алагөзова.

Тегтер: