Сарапшылар тортты 300 мың теңгеге бағалаған: кондитер мен блогер сотта кездесетін болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар торттың ақшасы үшін әлі дауласып жатыр

Фото: https://www.threads.com/@arzhan.saduaqas/p

Желіде 600 мың теңгелік торттың бағасын төлемеген блогер мен кондитер арасындағы дау әлі де аяқталар емес: енді екі тарап сотта кездесетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокат Аржан Сәдуақас сотта кондитер Нұршат Ақбергенованың мүддесін қорғайтын болды. Айта кетейік, кондитер блогер Аселина Батырды сотқа берген. 

«Аселина 200 000 теңгені дәл өзі жібергендей етіп, қоғамда жалған пікір қалыптастырып, шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жүргеніне байланысты, біз ресми түрде мынаны мәлімдейміз: бұл ақшаны Аселина жібермеген, сол себепті ақшаны жіберген адамға қайтарып бердік. Біздің заңгерлік командамыз Нұршаттың құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғап, заңда көзделген барлық шараларды қолданады. Фактілерді бұрмалау және қоғамды адастыру әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деп жазды ол.

Осыған дейін блогер Аселина Батыр торттың бағасын тәуелсіз сарапшылар есептеп, оны 300 мың теңгеге бағалағанын жазған еді. Кейін ол кондитерге 200 мың салып жібергенін айтты. Себебі 100 мың теңге алдын ала төлем жасалған.