Ол авторлық құқық мәселесін қозғап, ащы шындықты айтты
Атақты «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайынов эстрадада 50 жылдан астам өнер көрсетіп келе жатқанын айтып, авторлық құқыққа қатысты назын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздегі авторлық қауымдастықтар автордың рұқсатынсыз олардан ақша қысқартатын видеоларды жариялайды. Ақшаны да өздері реттеп отырады. Бұл мәселе сіздер ойлағаннан да өткір болып отыр. Біздің салада өнер көрсетіп қайтыс болып кеткендердің жетім, жесірлерімен сөйлестік. Жұбан Молдағалиев, Нұрғиса Тілендиев сияқты классик өнерпаздардың отбасылары көк тиын да алмай отыр. Біз тірі адамбыз. Ал кеткен адамдарың әйелдері мен балалары да бар», - дейді ол.
Әнші мұндай әділетсіздік жемқоррлықтың кесірінен болып отыр дейді.
«Егер мен Америкада немесе шетелде тұрсам, долларлы мультимиллионер болар едім. Қазір авторлық құқық үшін жылына млн теңге де алмаймын. Елдегі ақшаның ағыны цифрлануы керек. Автор, сазгер мен ақындардың еңбегі бағалануы керек», - деп ашынды әнші.