$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ештеңе етпейді»: қымбат дүкеннің күзетшісі Дженнифер Лопесті танымай, бутикке кіргізбей қойған

Дүкен бірнеше миллиондық табыстан айырылды 

«Ештеңе етпейді»: қымбат дүкеннің күзетшісі Дженнифер Лопесті танымай, бутикке кіргізбей қойған
Фото: скрин/@showanahaber

Әлемге танымал поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Стамбулға келіп, İstinye Park сауда орталығында дүкен аралады. Chanel бутигіне келген кезлде, оның «дүкен іші адамға толы» деп кіргізбей қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Interviewinfo.az басылымына сілтеме жасап.

Супержұлдыз 5 тамыз күні Yenikapı Festival Park-те концерт береді. Snob Magazin дерегінше, Лопес қалаға келе салысымен саудаға шыққан. İstinye Park орталығында ол люкс санатындағы бутиктердің бірін жалға алып, жабық форматта шопинг жасаған. Әнші миллиондаған қаржы жұмсап, негізінен сөмкелер мен киімдерге назар аударған.

Сауда барысында Лопесті Chanel бутигінің күзетшісі танымаған. Ол дүкенде бос орын жоқ екенін айтып, Лопесті кіргізбей қойған. Дженнифер бұл жағдайға сабырмен қарап, «Жақсы, ештеңе етпейді» деп бұрылып кетіп қалған.

Кейінірек Chanel қызметкері Лопеске келіп, кешірім сұрап, қайта шақырған. Бірақ бұл жолы әншінің өзі бас тартқан.

Стамбул көшелерінде серуендеген Дженнифер Лопес өзінің ерекше стилімен де көзге түсті. Ол Victoria Beckham брендінің кестеленген костюмын киіп, көзіне дөңгелек пішінді қызғылт көзілдірік тағып жүрді.

Айта кетейік, америкалық әйгілі әнші «Up All Night» турымен әлем елдеріне концерт беріп жүр. Таяуда Дженнифер Лопестің Қазақстан астанасында өткен ән кешіне 30 мыңнан астам көрермен келген. 10 тамызда ол Алматыға барады.

Серіктес жаңалықтары