Ол бұл әрекетті алаяқтар жасап отыр деп ойлайды
Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова баласының көмекшісіне халық 500 мың теңгеден ақша аударып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайраттың парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып ақша салдырып, елдер нөмірмен шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің нағыз парақшадан көрмей, алданып ақша салмаңыздаршы. Қайрат елден ақша жинатпайды, сақ болыңыздар!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Осыған дейін ІІМ интернет алаяқтықтың ең көп тараған түрлерін атап, сақтыққа шақырған еді.