Ерке Есмахан сәбиін қырқынан шығарды
Үшінші рет ана атанған Ерке Есмахан ұлының қырқынан шығару рәсімін өткізді

40 жастағы әнші Ерке Есмахан жуырда үшінші рет ана атанып, ұлының қырқынан шығару дәстүріне қалай дайындалғанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рәсімге арнайы ұлттық нақыштағы көк, ақ және алтын-күрең түсті жастықтар мен көрпелер дайындалған. Сондай-ақ сәбидің есімі жазылған күміс ыдыстар әзірленген.
«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын! Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін!
Өзім қандай аппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар.
Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын! Бар болыңыздар, бай болыңыздар!» – деп жазды Ерке әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.
«Құтты болсын! Қуанышыңызды көре беріңіз», «Батырыңыз ел қорғайтын ер азамат болсын», «Сәбиге жарқын өмір тілейміз», – деп жазды желі қолданушылары.