«Кейде сағынып кетесің…»: Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған видеосы жұртты алаңдатты
Желіде тараған бейнежазба тыңдармандар арасында қызу пікір тудырды

Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылап тұрған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасына «Кейде сағынып кетесің…» деген түсініксіз жазба қалдырған. Сонымен бірге жаралы жүрек пен сәби бейнесі бар эмодзилер қосылған.
Бейнежазба фонында Жігер Ауыпбаевтың жуырда жарық көрген «Ұлың маған ұқсаған» атты әні естіледі.
Әлеуметтік желідегі реакциялар
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін әртүрлі қабылдады. Кейбірі эмоциясын ашық көрсетуін қолдаса, енді бірі сын айтты:
- «Ер адамға жылаған жараспайды…»
- «Әйел адам бекер ажыраспайды. Жас кезіңізде бағаламаған боларсыз…»
- «Сағынған адамыңызбен жолығыңыз…»
- «Енді еркектер жылап шығу трендке айналды ма?..»
Өнер адамының сезімі ме, әлде жаңа әнге жасалған PR ма?
Көпшілік видеоны Жігердің жеке өмірімен байланыстырды. Алайда кей тыңдарман бұл – тек шығармашылық мақсаттағы көрініс, жаңа әнге арналған эмоциялық видео деп есептейді. Ән мәтіні де сағыныш, өкініш, айырылысу сынды тақырыптарды қозғайды.
Контекст
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жігер Ауыпбаев жылдар бойы құлдықта болған апалы-сіңілі қыздардың бірімен дуэт айтқан еді. Танымал әнші Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында тыңдарманына алғаш көргенде ғашық болғанын айтты. Өнер иесі ол аруды туған жеріне концертке барған кезде жолықтырған.Танымал әнші Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевтың шетелдік қалыңдығының бетін ашқаннан кейінгі әсері туралы ой бөлісті. Оған дейін оның африкалық бойжеткенге үйленген видеосы желіде тараған еді.