Ол желідегі суреттер ажырасуға себеп болып жатқанын айтты
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек сүйіктісіне гүл сыйлайтын жігіттер қауымына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші отбасындағы жағдай құпия болуы керек екенін ерекше айтты.
«Жігіттер, өтініш, әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңді жарияға жар салмаңдаршы. Қанша отбасы соны көріп күйеуіне ренжиді. «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелде қыдыртып жүр, бізде гүл де жоқ, шетел де жоқ» деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасында құпия болу керек қой!», - деді Айдар Тұрғамбек.
Айта кетейік, осыған дейін блогер «МузАрт», «Жігіттер», Қайрат, Төреғали үшін халық несиеге батып жатқанын айтқаны хабарланған болатын.