Үшінші сәбиін босанған Ерке Есмахан перзентханадан шықты

Автор: Асыл Арман

Желіде перзентханадан шыққан сәттен фотосуреттер жарияланды

Фото: Instagram/raimusican

Әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін босанғанып, перзентханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жұбайы Райымбек Бақтыргерей (лақап аты – Raim) перзентханадан шыққан сәттен фотосуреттер жариялады.

«Менің отбасым – менің байлығым!» – деп жазды Raim желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұл – Ерке Есмаханның үшінші ұлы. Оның жұбайы Райымбек Бақтыгерей баласының суреттерін жариялап, сүйінші сұраған. Оған дейін әнші желіде күйеуі Райымбек Бақтыгерей туралы жазып, мақтанған еді. Ал толғатып жатқанда Ерке Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын көруді ұмытпаған.