$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2025, 11:01
AR trend

«Өз әні сияқты соғып жүр»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін ұрлап алғаны рас па

Жас әнші өз әнін Қайрат Нұртас ұрлап алғанын айтып шағымданды

«Өз әні сияқты соғып жүр»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін ұрлап алғаны рас па
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Белгілі әнші Қайрат Нұртас өнердегі әріптесі Самат Жанғазиннің әнін еш рұқсатсыз жазып алып орындап жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Самат Жанғазин «О махаббат, ғажапсың!» әнін Қайрат Нұртас қолды еткенін айтып, шағымданды.

«Ол авторлық құқығы қорғалған әнді ұрлап жазды десе де болады. Сабыр сақтап, сотқа бермедік, сыйлап, әзірге», - деп жазды Самат Жанғазин.

Екі әнші арасындағы дауға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Қайрекең қаз қалпында құдды өз әні сияқты соғып жүр», «Қайрат не болды сонда?», «Қайрат Нұртастың былай істегені жігітікке жатпайды! Ұят нәрсе!», «Иә, ұрлап алып, автордан рұқсатсыз туындысын меншіктеп алуың, өте өрескелдік, Қайрат!», «Қайрекең кезінде Нұржасар Байшүкенов деген жігіт орындайтын «Ұмытар емеспін, сен маған керексің…» деп басталатын әнді ұрлап алғаны есімізде», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігін көрсетіп, фотосессия жасағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары