Ол қызының мектеп бітіру кешіне Қайрат Нұртастың барған-бармағанын сұрағандарға жауап берді
Белгілі актриса, продюсер әрі қоғам белсендісі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында қызының мектеп бітіру кешінен кейін өз сезімін бөлісті. Ол 11 жыл бойғы аналық жолды, баласының бойжеткенін және өзін-өзі тану процесін сипаттап, эмоциялық әрі шабыттандыратын жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«11 жыл қалайша қас-қағым сәтте өте шыққан? Қай кезде бойжетіп үлгердің? Қашан есейіп кеткенсің?»— деген ішкі сұрақтарды өзіне қойып, бұл сәтті үрей емес, түсіністікпен және ризашылықпенқабылдағанын жазады.
Жұлдыз Әбдікәрімова бұл мектеп бітіру кешін тек қызы үшін емес, өзі үшін де жаңа кезеңнің бастауы ретінде сипаттады.
«Бәлкім, өзім де өзіммен бірге қатар есейгеннен болар?! Бұл кеш тағы бір белеске шығуға мүмкіндік берді», – деп жазды эмоцияға ерік беріп, өткен 11 жылды еске алған актриса.
Жазбаның басты лейтмотиві өзін де, сезімін де, арманын да ешқашан жоғалтпау туралы болды.
«Сезімім, өзіңді және армандарыңды ешқашан сатпа!»– деген сөздері аналық махаббат пен өмірлік философияны ұштастырады.
Оқырмандар тарапынан «Қайрат Нұртас бұл кешке неге қатыспады?» деген сұрақтар да жиі қойылды.
«Қайрат – халықтың адамы. Ол жүрген жерде біз тек фон болып жүреміз. Бұл кеш – біздің қызымыздың сәті»– деп түсіндірді ол.
Instagram-дағы бұл жазба 8 мыңнан астам лайк жинап, жүзден аса пікірге ие болды. Желі қолданушылары Жұлдыздың шынайылығы мен парасатты сөздеріне алғыс айтып, аналық даналықтың жарқын үлгісі ретінде бағалады.