«Оқушыларға 18+ курс сатқан»: Лашын атымен танымал көріпкел жайлы тың ақпарат тарады
Әлеуметтік желі қолданушылары көріпкелдің өткенін жазып, одан сұхбат алған журналист Жанар Байсемізді де сынға алған
Лашын лақап атымен танымал «көріпкел» Ақгүл Әсетқызы жайлы желіде тың ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі журналист Жанар Байсеміздің сұхбатынан кейін көріпкелдің айтқан жорамалдары желіде қызу талқыланып жатыр. Тіпті әлеуметтік желіде сұхбатқа пікір білдірген жандардың бірі Ақгүлдің бұған дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеп жүрген кезінде оқушыларға интим курстар сатқанын жазған.
«Телеграмнан 18+ видео сабақ сатқан. Соны оқушылар сатып алған. Бір ата-ана оны байқап, директорға барған. Кейін оны директор мектептен шығарып жібереді. Бұл тек мектепте болған оқиға. 2022 жылы көріп қасиетім басталды дейді, ал өзінің 2024 жылы істеп жүрген дүниесі мынау», - деп жазды желі қолданушысы.
Енді бірі көріпкелдің алаяқ екенін айтып, біршама адамға қарыз екенін және оны қайтармай былыққа батып жүргенін жазған. Тіпті купюра сатып, оған сенім білдіргендердің жолы ашылады деп сендірген көрінеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары көріпкелдің өткенін жазып, одан сұхбат алған журналист Жанар Байсемізді де сынға алған.
Айта кетейік, сұхбат журналисттің ресми каналына жарияланғаннан кейін көріпкелдің екінші әлеуметтік желісі 5 күннің ішінде 70 мыңға жуық оқырман жинаған.