Министр Ақмарал Әлназарова кішкентай Ақмаралдың тұсауын кескен
Бүлдіршіннің әкесі пост жазып, салтанатты шараның суреттерін көрсеткен
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзімен аттас бүлдіршіннің тұсауын кескен. Бұл туралы баланың әкесі пост жазып, сурет жариялаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Еліміздің ең ұлық мерекесі — Республика күні қарсаңында отбасымыздың көз қуанышы, ата-әжесінің аяулы ханшайымы, кішкентай Ақмаралымыздың тұсауын кесіп, ақ жол тілеген салтанатты рәсімімізді өткіздік. Қызымыз дүниеге келген сәтте-ақ анам мен әкем елге қызмет етіп жүрген Ақмарал Шәріпбайқызының жолын берсін, есімі өзіне құт болып, еліне қызмет ететін абыройлы азаматша болсын деген ақ ниетпен қызымызға Ақмарал деп ат қойған болатын. Міне, ақ тілегіміздің жалғасын тапқандай ерекше қуанышты күнге жеттік. Қызымыздың тұсауын еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы кесіп, кішкентай ханшайымымыздың алғашқы қадамына ақ жол тіледі», - деп жазған баланың әкесі.
Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова биыл қыркүйекте қайтадан Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған еді.