Қазақстандық клипмейкер әйгілі Rihanna-ның күйеуіне бейнебаян түсіріп берді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазақстандық режиссер түсірген бейнебаян 19 қазан күні YouTube желісіне жарияланды

Фото: instagram.com/aisultan

Қазақстандық клипмейкер, режиссер Айсұлтан Сейітов әлемге әйгілі әнші Rihanna-ның күйеуі, америкалық рэпер, A$AP Rocky лақап атымен танымал Раким Ателастон Майерстің әніне бейнебаян түсіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Shroom Clouds әніне түсірілген бейнебаян 19 қазан күні YouTube желісіне жарияланды. Отандасымыздың аты-жөні клиптің соңында көрсетілетін тізімде жарияланған.

Айсұлтан Сейітов бейнебаян жарияланғаннан кейін желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

«Джимми, саған мың алғыс. Өз өзіме әлі келе алар емеспін», – деп жазды режиссер.