Бүгін, 10:57
AR trend

«Айтысқа деген құрметі ерекше»: Төреғали Төреәлі Нұрлыбек Нәлібаевты туған күнімен құттықтады

Әншінің айтуынша, Нұрлыбек Нәлібаев өнерге үнемі құрмет көрсетеді екен

«Айтысқа деген құрметі ерекше»: Төреғали Төреәлі Нұрлыбек Нәлібаевты туған күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Әнші Төреғали Төреәлі премьер-министрдің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты өткен туған күнімен құттықтап, пост жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төреғали Төреәлінің айтуынша, 13 қазан Нұрлыбек Нәлібаевтың туған күні болса, 14 қазан оның туған күні екен.

Реті келгенде әнші Нұрлыбек Нәлібаевпен кездескенін айтып, оның ерекше қырларын айтқан. Төреғали Төреәлі Нұрлыбек Нәлібаев өнерге, соның ішінде айтысқа ерекше жанашырлық танытатынын айтыпты.

«Нұрлыбек аға жалпы өнердің, өнерпаздардың жанашыры. Айтысқа деген құрметі ерекше. Ақындарымызды да қолдап келе жатыр. Осындай қайта табысудың қадірін уақыт өте келе тереңірек түсінеді екенсің», - деп жазған әнші.

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев бұрын Қызылорда облысының әкімі болған.