Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Желіде өнер жұлдыздарының тойында түсірілген видео жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде өнер жұлдыздарының тойында түсірілген видео жарияланды.

«Таптым-ау сені фильмінің финалы ма?», «Бір бірін түсіне алатын адамдар неге бірге болсасқа. Махаббат айтып келмейді деген осы шығар», «Бақытты болыңыздар», «Біздің актерлар еліктегіш қой жан жаққа, бірінші бақ бақ қой, соны түсінбейді, ақша құмарлық басым өмірде», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Олжас Абай өнердегі әріптесі Дариға Бадықовамен көңіл жарастырып, шаңырақ көтергеннен кейін арнайы жазба жариялап, жұртты ойға салған.

Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын 2025 жылдың күзінде актриса Дариға Бадықованаң сол кездегі күйеуі Дархан Мұсаев екеуінің ажырасқанын мәлімдеген еді. Ол әйелі Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» атты кинодан кейін сол фильмдегі басты рөлді сомдаған Олжас Абаймен көңіл жарастырды деп айыптап, сұхбат берген.