«Өмірден өткендерді ғана құрметтейміз»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова туралы фильм түсіргісі келеді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол әншінің өзінен 10 жыл бұрын рұқсат сұрағанын еске алды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында белгілі әнші Мақпал Жүнісова туралы фильм немесе сериал түсіруді армандайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз өмірден өткен тұлғаларды ғана құрмет тұтамыз. Мақпалды үш күн бұрын әуежайдан көрдім. Сонда Мақпалға қарап, естеліктер жазыңыз дедім. Ол туралы сериал немесе фильм түсіргім келеді. Қайталанбас тұлға. «Өзіңіздің бірегей адам екеніңізді білесіз бе?» дедім. Артыңыздан өсиет қалдыруыңыз керек», – дейді Баян Алагөзова.

Ол сөзін жалғай отырып, өзі туралы фильм түсіруге рұқсат сұрағанын айтты.

«Ол әйелді өте жақсы көремін. Сіздің өміріңізді экранизациялауға рұқсат беріңізші деп сұрадым. Оны 10 жыл бұрын сұрадым. «Қазір ыңғайлы уақыт емес шығар. Бірақ бір күні сіздің тарихыңызды түсіргім келеді» дедім. Бірақ ол үзілді-кесілді бас тартты. Содан оған өтініп сұрадым. Қасыңызға редактор алып, айтқаныңыздың бәрін жаздыра беріңізші дедім», – дейді продюсер.

Сөзін жалғай отырып, көзі тірісінде ешкімнің қадіріне жетпей жататынымызды сынап өтті.

«Біз сондай халықпыз. Көзі тірісінде ұрысамыз, сынаймыз, кемсітеміз. Құдай сақтасын, ол адам өмірден өткен соң «ол адам сондай ұлы тұлға еді» дейміз. Бұл – біздің үлкен қателіміз», – дейді Баян Алагөзова.

Айта кетейік, осыған дейін Баян Алагөзова белгілі актриса Меруерт Өтекешеваға уәде еткен баспананы сыйлағаны хабарланған.