Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне тосын сұрақ қойды

Автор: Алмас Ерсін

Әнші өнердің адамға және қоғамға әсері туралы ой қозғап, оқырмандарын пікір бөлісуге шақырды

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген оқырмандарына өнердің күші туралы ойлануды ұсынған жазбасын жариялады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші бір ән адамның өмірін өзгерте ала ма, бір ғана жол оны жеккөрушіліктен бас тартуға итермелей ала ма, ал бір оқиға адамға мүлде бейтаныс жаннан өзін көруге көмектесе ала ма деген сауалдар қойды.

«Бір ән адамның өмірін өзгерте алса ше?

Бір жолы оны жеккөрушіліктен бас тартуға мәжбүр етсе ше?

Бір оқиға адамға мүлде бейтаныс жаннан өзін көруге көмектессе ше?» – деп жазды өнер иесі.

«Өнер ақыл тоқтата алмаған нәрсені тоқтата ала ма?» – деп қосты Димаш.

Жазбасының соңында ол бүгін әлем қандай сөзді естуі керек екенін сұрап, оқырмандарын өз ойларымен бөлісуге шақырды.