Ол Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот қатаң жаза қолданғанын ерекше айтып өтті
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова бірер күн бұрын сотталып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қолдау көрсетіп, араша түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шыққаннан кейін пікір білдірді.
«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау. Кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін!» – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Ол Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот қатаң жаза қолданғанын ерекше айтып өтті.
«Әйелі де кішкене жеңілдетсе деп жүрегі ауырып тұрған сияқты. Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп 2,5 жыл емес 1 жыл да жеткілікті ма дегенім ғой, ол жақтан түзеліп емес, қаныпезер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой. Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенінен де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, ешкім жыламаса дегенім ғой», – дейді продюсер.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Жақсыген экс-жұбайы Фариза Алмазқызына түрлі жала жапты деген айыппен 2,3 жылға сотталып кеткен. Сот үкімінен кейін актердің бұрынғы әйелі қолдау көрсеткен қазақ халқына алғыс білдірді. Ал соттың ресми хабарламасында актердің алдағы бес жылда блогерлікпен айналыса алмайтыны айтылған. Сот үкімінен кейін Нұрсұлтан Жақсыген желіде соңғы жазбасын жариялады.