Бұған дейін сатып алынған билеттер жарамды, оларды ауыстырудың қажеті жоқ
Америкалық рэпер Канье Уэстің Алматыдағы концерті 2026 жылғы 15 тамызға ауыстырылды. Бастапқыда концерт бүгін, 14 тамызда өтуге тиіс болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыдағы Орталық стадионға келген көрермендер ұйымдастырушылардың хабарламасын видеоға түсіріп алған.
«Шоу ертеңге, дәл осы уақытқа ауыстырылады. Өкінішке қарай, стадионнан шығуларыңызды сұраймыз. Сіздерді ертең осы уақытта күтеміз. Рақмет», – деді ұйымдастырушылар.
Концерттің не себепті ауыстырылғаны әзірге нақтыланған жоқ.
Бұған дейін сатып алынған билеттер жарамды күйінде қалады, оларды ауыстырудың қажеті жоқ.
Еске салайық, америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт қоятыны 17 шілдеде белгілі болды.
Сондай-ақ бүгін Алматыға америкалық әнші Канье Уэст келгені айтылды.