Бүгін, 09:47
AR trend

Оңтүстік Кореяның BTS тобы Grammy сыйлығына қатысудан бас тартты

Олар сыйлық жаңа айдарды енгізгендеріне наразы

Оңтүстік Кореяның BTS тобы Grammy сыйлығына қатысудан бас тартты
Фото: Getty Images

Оңтүстік кореялық BTS тобы өз жұмыстарын Grammy 2027 сыйлығының қарауына ұсынбайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Associated Press сайтының хабарлауынша, ұжым мүшелері азиялық поп-музыкаға арналған жаңа категория пайда болғаннан кейін музыканы аймақтық және тілдік белгілері бойынша бөлуге қарсы шықты.

BTS өз шығармашылығы орындаушының шығу тегіне немесе әндердің тіліне емес, ең алдымен музыкалық құндылық тұрғысынан бағаланғанын қалайтынын мәлімдеді. Бұл шешім K-pop, J-pop және C-pop сияқты бағыттарды қамтитын жаңа Best Asian Pop Music Performance категориясының енгізілуіне байланысты болып отыр.

Бұған дейін топ Grammy сыйлығына бірнеше рет ұсынылған болатын, бірақ әлі күнге дейін жүлдені ала алған жоқ. BTS-тің бұл шешімі жанкүйерлер мен музыка индустриясының өкілдері арасында үлкен резонанс тудырды.