Өнер иелері қызына қолдау көрсетті
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова 2026 жылғы 25 мамырда Астанадағы мектептердің бірінде өткен соңғы қоңырауда 17 жастағы қыздары Алауға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram Stories парақшасында бөлісті. Актрисаның айтуынша, Алау әкесін бұл маңызды шарада асыға күткен.
«Әкесін қатты күтті... Қанша жерден жұмыс кестесі тығыз болса да, балаларымыздан маңызды ештеңе жоқ. Алауға қолдау көрсету үшін үлгеріп келдік», – деп жазды ол.
Сондай-ақ актриса жұбайы және қызымен бірге түскен суреттерді жариялады.