Бүгін, 11:15
AR trend

«Орта жасқа да жақындап қалыппын»: Димаш Құдайберген туған күнінде ой толғап, халыққа алғыс айтты (ВИДЕО)

Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлеріне алғыс білдірген

«Орта жасқа да жақындап қалыппын»: Димаш Құдайберген туған күнінде ой толғап, халыққа алғыс айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлемдік әнші Димаш Құдайберген бүгін, 24 мамыр күні 32 жасқа толды. Ол өзінің әр елдегі жанкүйерлеріне алғыс айтты, ,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Барлығыңызға көп рақмет, құттықтауларыңызды қабыл алып жатырмын. Бүгін 32 жасқа толдым. Көзді ашып-жұмғанша орта жасқа да жақындап қалыппыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен тыңдармандарым, отандастарым құттықтап жатыр. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Отбасыларыңызға ырыс-несібе, бақыт пен береке тілеймін. Әрқашан аман, қуатты болыңыздар! Барлық мақсат-мұраттарыңыз орындалсын.6 маусым күні үлкен кешіміз өтеді. Жанды дауыста әдемі концерт ұйымдастырамыз. Билеттер сатылымда. Керемет кеш болады деп сенеміз, бәріңізді күтеміз», - деді Димаш Құдайберген.

Ол өзінің шығармашылығы жайлы да айтып өтті.

«Шығармашылық жоспарларға келсек, қазір продюсерлік бағытта да жұмыс бастап жатырмын. Бірақ әншілік жолым тоқтамайды, әрі қарай жалғасады. Жақында көп жақсы жаңалықтарымды айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді ол.