Оны Ұлттық ұлан өз авиабазасына шақырған
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Ұлттық ұланның авиабазасына барып, әскери тікұшаққа мініп көрген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жазғандай, Отбасы күніне орай Ұлттық ұланының авиабазасына Әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері келген. Делегацияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Светлана Айтбаева бастап келген көрінеді.
Ұлттық ұлан таратқан видео және фото материалдарға сүйенсек, Светлана Айтбаева әскери авиабазаның қызметкерлерімен емен-жарқын әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берген. Ал, әскери ұшаққа мінген ол әлемдегі ең батыр адамдар – ұшқыштар деген ойын айтты.