Бүгін, 11:41
AR trend

«Бәрін соттатамын»: танымал блогер оның ЖИ-видеосын таратқандарға шүйлікті (ВИДЕО)

Ол халықты интим видеоларға сенбеуге шақырды

«Бәрін соттатамын»: танымал блогер оның ЖИ-видеосын таратқандарға шүйлікті (ВИДЕО)
Фото: Instagram/daricorn.rr

Танымал блогер Daricorn (Дариға Нұркеева) өзінің видеосын жасанды интеллектпен жасап таратқандардың сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір «Дарикорн слив» деген видео тарап жатыр екен. Соған сеніп, сатып алып жатқан адамдар да бар көрінеді. Бұл толықтай фейк, жасанды (AI арқылы жасалған) видео. Қазір Жаңаарқадамын, ертең Алматыға шығамын. Осы видеоны жасап, таратып, сатып жатқан адамдардың бәрін соттатамын», - дейді ол.

Блогер халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Егер ондай видео шын болса, бұлай сапасыз, бұлыңғыр болмайтын еді. Сапалы қылып сататын едім», - деп әзілдеді ол.

Еске салсақ, осыған дейін ақтаулық блогердің жұбайымен түскен видео желіде тарап кетіп, оны таратқан мобилограф табылған еді.