Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков пен жары гендер-пати өткізді (ВИДЕО)
Желі қолданушылары Гүлия Ұзақбаеваның жүкті екенін білмеген
Қазақстандық актерлер Әбілмансұр Серіков пен Гүлия Ұзақбаева жанкүйерлеріне күтпеген жаңалық жасады: жұп әлеуметтік желіде гендер-патиден видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы уақытқа дейін оқырмандардың ешқайсысы Гүлияның жүкті екенін сезбеген, актриса жүктілігін бүкіл мерзім бойы жасырын ұстап келген.
Бейнежазбаның сипаттамасына жұп қысқа ғана: «Жылдың ең үлкен тосынсыйы» деп жазған. Видеода Әбілмансұр ұл туады деп болжағанымен, іштей қыз бала күтіп отырғанын айтады. Гүлия да қыз дүниеге келеді деген үмітін білдірген.
Бейнежазбада сәбидің жынысы құпия күйінде қалды, алайда кешке жиналған жақындары болашақ ата-ананы жылы құттықтады.
Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жаңалықты қызу қабылдап, жұпқа құттықтау жаудырды. Алайда кейбірі видеоның алдын ала түсірілгенін атап өткен: кейбір оқырмандар Гүлияны перзентханада сәбиін қолына ұстап жүрген сәтте көріп үлгерген.