Жансая Абдумәлік Асаубаевамен жанжал қайталанса сотқа жүгінетінін айтты
Әбдумәлік пен Асаубаева арасындағы қарсыласу 2021 жылдың шілде айында басталған.
Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумәлік үш дүркін блицтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен арадағы келіспеушілік қайта туындаса, сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zamandas подкастына сілтеме жасап.
«Сол жанжалдар болған кезде мен көп ештеңе айтпадым, айтатын нәрсе де көп еді. Бірақ өзім шештім: егер болашақта тағы да осындай жағдайлар қайталанса – менің адвокаттар тобым бар, біз бірден сотқа жүгінеміз. Себебі ол үнемі мен туралы айтып жүрген жала... Оны қалай атауды да білмеймін. Бұл енді күлкілі сияқты, тіпті біртүрлі әуестік пе деймін. Мен шахматтан кеткеніме үш жыл болды, бірақ әлі күнге дейін бірдеңе шығып жатады», – деді шахматшы.
Sports.kz мәліметінше, Абдумәлік пен Асаубаева арасындағы текетірес 2021 жылдың шілдесінде ФИДЕ Әлем кубогы кезінде басталған. Ол кезде Асаубаева тай-брейкте өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен.
Ашық жанжал 2022 жылдың жазында ушыға түсті. Сол кезде Асаубаева шахмат федерациясы басшылығына қатысты «үш миллиард туралы өтініш болған» деген мәлімдеме жасаған, ал Абдумәлік мұны үзілді-кесілді жоққа шығарған.
2023 жылдың наурызында Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при кезеңінде жағдай тағы ушықты. Абдумәлік турнирден қолайсыз жағдайларға байланысты шығып кеткеннен кейін, Асаубаева оны «эгоизм» деп айыптап, екі шахматшы арасындағы ұзаққа созылған қоғамдық дау одан әрі күшейген.