31.03.2026, 10:35
AR trend

«Қолындағы баласын құлатып ала жаздады»: спортшы қарындасына қолдау көрсеткен ағасының әрекеті ел назарын аударды (ВИДЕО)

Оның қарындасы күресіп жатқан еді 

«Қолындағы баласын құлатып ала жаздады»: спортшы қарындасына қолдау көрсеткен ағасының әрекеті ел назарын аударды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Спорттағы жеңіс тек күш пен шеберліктің ғана емес, жүректегі сенім мен жақындардың қолдауының да жемісі екені тағы бір мәрте дәлелденді. Әлеуметтік желіде қазақ күресінен өткен турнир кезіндегі ерекше сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылордалық балуан Әсел Бисембай кезекті жарыстардың бірінде күресіп жатқан еді. Оның ағасы Нұрсұлтан Иса көрермен арасынан барынша қолдау білдіріп тұрды. Ең әсерлісі – ол бір қолына сәбиін көтеріп тұрып, қарындасына түрлі әдіс-тәсілдерді ишарамен көрсетіп, рух беруге тырысқан.

Бұл көрініс тек жанкүйерлік емес, шынайы бауырмалдықтың, отбасы бірлігінің айқын үлгісіне айналды.

Желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қарамай, жылы пікірлерін жаудырып жатыр. Көпшілік Нұрсұлтанның қамқорлығын, Әселдің қайсарлығын атап өтіп, бұл видеоны қазақы тәрбие мен отбасы құндылықтарының көрінісі ретінде жоғары бағалады.