Бүгін, 01:23
AR trend

«Досым, кешір бізді…»: Бағлан Әбдірайымов марқұм досын еске алды

Әнші жазбасымен жұртты ойландырып қойды

«Досым, кешір бізді…»: Бағлан Әбдірайымов марқұм досын еске алды
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов марқұм әріптесі Нәби Аймұратовты еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды. Өнер иесі досын сағынышпен еске алып, оған кешірім сұрағанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ, үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір», – деп жазды әнші.

Жазбаның соңында әнші өмірдің өткіншілігі мен достықтың қадірі туралы ой бөліскен. Оның бұл сөзі желі қолданушыларының жүрегіне жетіп, көпшілік марқұм өнер иесін еске алып, жылы пікірлер мен дұға-тілектерін жазды.