Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды

Автор: Алмас Ерсін

Спортшы сүйіктісінің тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағанын айтты

Фото: instagram.com/abiba48/

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, дзюдошы Әбиба Әбужақынова үйлену тойына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

Жарияланған суреттерде Әбужақынова оң қолының саусағына тағылған жүзігімен сәнді кешкі көйлек киіп түскен. Фотолардың бірінде оның жанында қолына бір құшақ қызыл раушан гүлін ұстаған, камераға арқасымен тұрған костюмдегі ер адам көрінеді.

Спортшы жазбаны қысқа ғана «I said yes» деген жазумен жариялаған. Пікірлер бөлімінде желі қолданушылары оны құттықтап, бақыт тілеп жатыр.