Джессика Честейн өз видеосында түсірілім алдындағы дайындық сәттерін көрсеткен
Әлеуметтік желілерде Hatikoali лақап атымен танымал павлодарлық жас рэпер Алихат Таңатаровтың шығармашылығына әлемдік деңгейдегі өнер адамы назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның «GO!» атты трегіне әйгілі америкалық актриса видео түсіріп, өз парақшасына салған. Голливуд жұлдызы Джессика Честейн өз видеосында түсірілім алдындағы дайындық сәттерін, атап айтқанда, стилистер мен визажистер командасының жұмысын көрсеткен.
Айта кетсек, «GO!» трегі - Алихат Таңатаровтың 2025 жылы жарық көрген сәтті жобаларының бірі. Бұл туынды қысқа видеоформаттар мен әлеуметтік желілерде тез таралып, кең танымалдылыққа ие болды.
Hatikoali — қазақстандық хип-хоп сахнасының жаңа толқын өкілі. Ол өз шығармашылығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін шебер ұштастыра білуімен ерекшеленеді. Бүгінде оның туындылары шетелдік тыңдармандар мен өнер иелерінің де қызығушылығын тудырып отыр.