Ерлі-зайыптылар жаңалықтарын желіге салды
Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жайлы оның жары Гүлия Ұзақбаева жазды. Ерлі-зайыптылар алғашқы құжаттарын алып, некелерін қидырған.
Әлеуметтік желіде актердің үшінші рет үйленгені кеңінен талқыланып жатыр. Актер бірінші жары Фариза Ещановамен 7 жыл бұрын ажырасып кеткен. Актердің алғашқы әйелі де өнерден алыс емес. Атұстарлардың анасы Фариза Ещанованың мамандығы театр және кино әртісі екен.Олардың ортада екі ұлы бар.