09.03.2026, 22:10
AR trend
Белгісіз әйел әйгілі әншінің үйіне оқ жаудырды
Күдікті дереу ұсталғаны белгілі болды
Фото: instagram.com/badgalriri
Америкалық танымал әнші Рианнаның Беверли-Хиллздегі зәулім үйіне 8 наурыз, жексенбі күні оқ атылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Белгісіз әйел әнші үйінде сүйіктісі A$AP Rocky және балаларымен бірге болған кезде үйге қарай оқ атқан.
Los Angeles Times басылымының мәліметінше, полиция оқиға орнына сағат 13:21-де келіп, 30 жастағы күдіктіні ұстаған. Полиция рациясындағы сөйлесулерге қарағанда, үй қақпасының алдына тоқтаған көліктен шамамен он рет оқ атылған. Кем дегенде бір оқ зәулім үйдің қабырғасын тесіп өткен.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тергеушілер шабуылдың себебін анықтауды жалғастырып жатыр.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды