$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2026, 22:23
AR trend

«501 ақ раушан»: ерекше тосынсый алған Мөлдір Мұқан көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

Продюсердің видеосы желіде қызу талқыға түсті

«501 ақ раушан»: ерекше тосынсый алған Мөлдір Мұқан көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/moldir.mt

Продюсер Мөлдір Мұқанға балалары ерекше тосынсый жасап, қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұл-қыздары аналарының мейірімі шексіз жан екенін айтып, жүрекжарды тілектерін арнаған.

«Ең қымбат жанымыз, әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, жүрегі тап-таза анашымыздың қуанып, балаша таңырқап тұрғанын көру үшін біз бар әлемнің гүлін тарту етуге дайынбыз. Сіз – біздің шамшырағымыз, сонымен бірге қарапайым, мейірімді әрі дана анамызсыз. Сіздей ананың перзенті болғанымызға өзімізді бақытты сезінеміз. Жүзіңіздегі күлкі біз үшін – күннің шуағындай. Сол жылуға бөленіп, біз әрдайым жаныңыздан табылуға тырысамыз. Мерекеңізбен, Мама! Өзіңіз үйреткендей өмірдің қадірін біліп, бақытты ғұмыр кешуге уәде береміз. Барлық арман-тілегіміз орындала берсін, Анашым», — деп құттықтады балалары.

Бұл тосынсый анасына ерекше әсер етіп, ол қуанышын жасыра алмағанын айтты. Ал желі қолданушылары да бұл сәтке тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.

«Қыз деген қайда жүрсе де, ата-анасын ойлап, қалай қуантсам деп ойлап жүреді ғой», «Қандай бақытты ана! Мөлдір сіз лайықтысыз. 500 ақ раушан – шексіз махаббаттың белгісі», «Қандай тамаша балалар,ерекше тәрбиеленген, мықтысың Мөлдір тәнті болдым, мол құрметке лайықсың!» деп оқырмандар жүрекжазды лебіздерін білдірді.