$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2025, 11:59
AR trend

Белуардан қар кешіп, мектепке барған балаға Қырғыз президенті ескі телефонын сыйлады (ВИДЕО)

Баланың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралған еді

Қырғыз президенті Садыр Жапаров желі жұлдызына айналған Нұрзаман Алмазбековті  қабылдап, еркін әңгіме құрған. Президенттің айтуынша, кезінде ол да ауылдағы мектепке осылай барған екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Кактус медиа» ақпарат агенттігінің жазуынша, Нұрзаман Алмазбеков есімді балақай «Айдын Көл» бастауыш мектебінің төртінші сыныбында оқиды. Ауылда бір метр қар жауса да бала сабағынан қалмау үшін белуарынан қар кешіп, мектепке барған. Баланың видеосы желіде кеңінен таралған соң президент оны кабинетіне шақырып, президент атындағы шыршаға шақырған. Одан бөлек, ноутбук пен доп сыйлаған екен.

Ең қызығы, Жапаров өзі ұстап жүрген ескі телефонын Нұрзаманға беріп, балақайдың басынан сыйпаған.

Серіктес жаңалықтары