Мальдив аралдарында 2007 жылдан кейін туғандарға өмір бойына темекі шегуге тыйым салынды
Енді 18 жасқа толмағандарға темекі шегуге немесе темекі сатып алуға рұқсат етілмейді
Мальдив аралдарында 2007 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін туған адамдарға темекі өнімдерін сатып алуға, сатуға және пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, тыйым темекінің барлық түріне қолданылады. Саудагерлер сатып алушылардың жасын анықтауы керек. Бұл шара арал азаматтарына да, туристерге де қолданылады.
Сонымен қатар Мальдив аралдары электронды темекілер мен олардың аксессуарларын әкелуге, сатуға және пайдалануға толық тыйым салған.
Кәмелетке толмағандарға темекі сатқандарға 3200 долларға дейін, вейптерді пайдаланғандарға 320 долларға дейін айыппұл салынады.
Заңға президент Мохамед Муиззу бастамашылық етті. Оның айтуынша жаңа шара қоғамдық денсаулықты қорғауға және темекіден азат ұрпақ өрбітуге бағытталған.