30.10.2025, 11:00
Әлем
Трамп пен Си Цзиньпин Пусанда кездесіп, үш негізгі мәселені талқылады
Олар 2 сағатқа жуық сөйлескен
Фото: Reuters
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВВС жазуынша, жиын бір сағат 40 минутқа созылып, жоспарлағаннан ұзаққа созылды. Кездесу аяқталған соң екі көшбасшы да ресми мәлімдеме жасамады.
Трамп Вашингтонға қайтып барады, ал Си АТЭС саммитіне қатыспақ.
Жабық есік артында өткен келіссөздерде үш негізгі тақырып талқыланған:
- Кедендік тарифтер – Трамп Қытайдан келетін импортқа салықты төмендетуге дайын екенін білдірді.
- Сирек металдар мен ЖИ чиптері – АҚШ қауіпсіздік мақсатында кейбір чиптердің шетелге сатылуын шектегісі келеді, ал Қытай бұл чиптерді өндіруге қажет сирек металдардың көп бөлігін өз бақылауында ұстап отыр.
- TikTok – америкалық сегментін сату бойынша келісім қарастырылады
Кездесуде әлемдік маңызы бар басқа мәселелер кейінге ығыстырылған.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды