Сарапшылар қанша млн еуроның дүниесі ұрланғанын айтты
Лувр мұражайынан ұрланған бұйымдардың тізімі жарияланды. Олардың арасында Франция мен Наполеон әулетінің тарихына тікелей қатысты бірегей зергерлік жәдігерлер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Париж прокуратурасының мәліметінше, ұрылар Наполеон әулетіне тиесілі бірнеше бағалы бұйымды алып кеткен. Нақты айтқанда, жоғалған заттардың қатарында:
XIX ғасырда өмір сүрген патшайым Евгенияның тәжі жолда ұрылардың қапшығынан түсіп қалып, сынған күйде табылды. Тәж алтыннан жасалған, 1354 бриллиант және 56 изумрудпен әшекейленген. Мамандардың бағалауынша, тек осы тәждің нарықтық құны 10–12 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.
Француз өнер сарапшыларының айтуынша, жалпы ұрланған бұйымдардың құны кемінде 60 миллион еуро шамасында, алайда олардың мәдени және тарихи құндылығын ақшамен өлшенбейді. Бұл жәдігерлер Луврдің Apollo галереясында тұрған. Мұнда «Режент», «Санси» және «Гортензия» гауһар тастарымен көмкерілген Франция патша әулетінің зергерлік бұйымдарының аз ғана бөлігі сақталған.
Франция билігі ұрланған жәдігерлерді іздеуге халықаралық құқық қорғау органдарын жұмылдырды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай бұйымдарды қара нарықта сату іс жүзінде мүмкін емес.
Еске салсақ, Парижде әлемдегі ең әйгілі музейлердің бірі – Луврды тонап кетті. Мұражайға белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасап, 7 минутта бағалы бұйымдарды қолды қылған.