Израиль мен ХАМАС өкілдері Египетте кездеседі
Бұл кездесуден маңызды нәтиже күтіліп отыр

Израиль мен ХАМАС Египет арағайындығымен келіссөздер жүргізуді бастайды. Олар Газа секторындағы соғысты тоқтату және тұтқын алмасу бойынша мәмілеге келмек. Египет билігі екі тараптың делегациясын қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздердің қарқынды жүріп жатқанын айтып, «барлық тарапты жылдам әрекет етуге» шақырды. Оның айтуынша, алғашқы кезең осы аптада аяқталуы тиіс.
ХАМАС Газадағы барлық израильдік тұтқындарды қайтаруға дайын екенін жариялады. Қазір олар топ әлі де 48 адамды ұстап отыр, олардың шамамен 20-сы ғана тірі болуы мүмкін.
Араб елдері, соның ішінде Египет пен Катар, ХАМАС-қа қысым көрсетіп, келісімге келуді талап етті.
АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер келіссөздерге қатысу үшін Каирге барды. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху тұтқын алмасу келісімі жасалғаннан кейін оның бірден жүзеге асатынын, ал ХАМАС-ты қарусыздандыру екінші кезеңде өтетінін айтты. Ол қажет болса, қарусыздандыру күшпен жүзеге асуы мүмкін екенін де ескертті.